Спорт

Дычко Суперменді "құлатты"

© Photo : Казахстанская федерация боксаИван Дычко
Иван Дычко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы биыл кәсіби деңгейде үш рет жеңіске жетті

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко жұмадан сенбіге қараған түні кәсіби рингте үшінші рет жеңді.

Игроки ФК Астана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Самұрық-Қазына" "Астана" ФК алдындағы қарызын өтемекші

Қазақстандық Флоридадағы бокс кеші аясында бірінші раундта Супермен деген атпен танылған мексикалық Карлос Сандовалды нокаутқа түсірген. Дычконың қарсыласы бауырынан оңдырмай соққы жеп, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмай қалыпты.

Дычко кәсіби деңгейдегі мансабын биыл бастады, Сандовалға дейін екі рет рингке шығып, екеуін де мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған.

Жаңалықтар
0