Спорт

Хоккейден 2018 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан Германияны ұтты

© Photo : Официальный сайт ХК "Барыс"Қазақстанның жастар хоккей құрамасы
Қазақстанның жастар хоккей құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші ойынында Германия командасын жеңді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының бірінші дивизоны А тобындағы алғашқы ойынын Германия командасына қарсы өткізді.

Бірінші голды Германия құрамасының хоккейшісі Чарли Янке екінші периодта салды. Үшінші жиырмаминуттықта Самат Данияр екі гол салып, қазақстандықтар жеңіске шақ қалғанда, Леон Гаванке соңғы минуттарда гол соғып, ойынды овертаймға дейін ұзартты. Овертаймда қазақстандықтардың мерейі үстем болды.

Дүйсенбі 11 желтоқсанда қазақстандық құрама Латвиямен кездеседі.

Жаңалықтар
0