Спорт

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізбек

Жазылу
Қазақ боксшысы 26-кездесуге дайындықты бастау үшін желтоқсанның аяғында мұхиттың арғы бетіне аттанады

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Америкада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады 24.kz.  

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам Брендон Кукты ойсырата жеңді
Қазақ жігіті кәсіби рингтегі 26-кездесуге дайындықты бастау үшін желтоқсанның аяғында мұхиттың арғы бетіне аттанады. Бұған дейін әлемдік бокс қауымдастығы Қанат Ислам мен америкалық Джон Вера 21 желтоқсанға дейін өзара кездесу уақытын шешуі керек деп мәлімдеген еді. Сосын қай жеңгені бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алады.

Алматы мен Астанада бокс кешін ұйымдастырып, табысқа кенелген Ислам командасы 2018 жылы Қазақстанда тағы бір жарыс өткізеді. Елорданың 20 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші мамыр айында өтуі мүмкін. 


Жаңалықтар
0