Спорт

Головкин – Альварес реваншына Лемье мен Де ла Хойяның жоспары кедергі болмақ

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексикалық боксшының промоутері Лемьеге WBO белбеуін иеленген жағдайда, "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастырып беруге уәде еткен

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik.  Канадалық боксшы Давид Лемье (38-3, 33 КО) SecondsOut басылымына берген сұхбатында WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерсті (25-0, 12 КО) жеңген жағдайда әрі қарай қандай жоспармен жұмыс істейтінін айтып берді,  деп хабарлайды Sports.kz

 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Егер Головкин Альварестен ұтылып қалса, WBC белбеуін кім алады?
"Канеломен" оның Головкинге қарсы екінші жекпе-жегіне дейін кездесемін деп үміттенемін. Дегенмен, екеуімен де жұдырықтасқым келеді – қайсысы бірінші болса да, маған бәрібір. Оскар (Де ла Хойя – агенттік ескерт.) WBO белбеуін иеленсем, "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастырып беретінін айтты. Сондықтан жоспар осы бағытта жасалады", — деді Лемье. 

  Лемье — Сондерс жекпе-жегі 16 желтоқсан күні Канадада өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Сондерстің жеңісі — 1.94, Лемьенің жеңісі — 2.048, тең нәтиже — 26. 

Естеріңізге сала кетейік, британиялық боксшыда WBO белбеуі бар. Оны Геннадий Головкин (37-0-1,33 КО) иеленсе, орта салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанбақ.  


Жаңалықтар
0