Спорт

Елбасыға пас: "Астананы" Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне алып шыққан доп Назарбаевқа сыйға тартылды

© Photo : Сайт ФК "Астана"Елбасыға пас: "Астананы" Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне алып шыққан доп Назарбаевқа сыйға тартылды
Елбасыға пас: Астананы Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне алып шыққан доп Назарбаевқа сыйға тартылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық команда Еуропа Лигасы плей-офф кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық клуб болды

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. "Астана" футбол клубының вице-капитаны Дмитрий Шомко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа доп сыйға тартты. Бұл допты биыл желтоқсан айында Марин Аничич "Славия" қақпасына салып, "Астананы" 1/6 финалына шығарған еді.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ақорда Елбасы алған құттықтау хаттар туралы жариялады

Сыйлық елордадағы жаңа жылдық қайырымдық балында ұсынылған.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгінгі мерекелік кеште Сізге ерекше сыйлық тарту етуге рұқсат етіңіз: дәл осы доппен "Славия" қақпасына гол соғып, Еуропа Лигасының 1/16 финалына шыққанбыз. Сол себепті осы допты сый ретінде қабыл алсаңыз, біздің команда үшін үлкен мәртебе болмақ", — деді Шомко.

Президент футболшылардың сыйын қабыл алып, "Астана" ойыншыларымен өзара пас берісіп, біраз ойнады.

Жаңалықтар
0