Спорт

Белгілі журналист Головкинге "Канелоны" қалай нокаутқа түсіру керектігін айтты

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласымен қарымта жекпе-жек өткізеді деп жоспарлануда

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин реваншта мексикалық Сауль Альваресті нокаутқа түсіру үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz

Флойд Мейвезер - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин десе, зәресі ұшатын Мейвезерге аңыз боксшылар үлгі етілді
"Жекпе-жек жеңімпазы төрешілердің күмәнін туғызбас үшін реваншта Головкин де, «Канело» да басқалай жұдырықтасуы керек. Егер Головкин Альвареспен барлық 12 раундты алдыңғы кездесудегідей өткізсе, төрешілер жеңісті оған бермеуі мүмкін. GGG мұны ескергені абзал. Тек Мейвезер ғана мұндай жағдайда төрешілер шешімімен жеңіске жетті, бірақ қазір Головкиннің жағдайы басқа: ол қалайда болсын "Канелоны" нокаутқа түсіруі керек. Тек осыдан кейін ғана төрешілер Головкиннің басымдығына күмән келтірмейді. 

Альварес Головкинді ұру үшін рингтің шетіне ығыса бермей, шаршы алаңның ортасында жұдырықтасуды байқап көргені жөн. Өкінішке қарай, мексикалық боксшының мұны жасай алатынына күмәнім бар.  Онда ешқашан кәсіби төзімділік болған емес, бұлшық еті қатайып, салмақ қосқаннан кейін бұл тіпті қиындап кетті. Егер "Канело" реваншқа қазіргі физикалық формада шықса, онда оған әр раундта Головкинмен бір минуттан астам уақыт жұдырықтасу қиынға соғады. Егер Головкин жылдам қозғалып, Альваресті қыспаққа алып, қарсыласына тыныстауға мүмкіндік бермесе, онда мексикалықты нокаутқа жібере алады. Ал "Канело" осы кезде 16 қыркүйекте өткен жекпе-жекте жасағандай, Головкиннен рингті айнала қаша беретін болады. Бірақ GGG соңына дейін беріспеуі керек", — деп жазады Джонс.


Жаңалықтар
0