Спорт

Әжіғалиев Қысқы олимпиаданың ашылуында еліміздің туын ұстап шығады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАбзал Әжіғалиев
Абзал Әжіғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шорт-трек өкілі Қысқы олимпиаданың ашылуында ұлттық нақышта киініп, қолына ту алып, ұлттық құраманы бастайды

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі Пхенчханда 2018 жылы ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Абзал Әжіғалиевті ұлттық құрама туын көтеруші етіп тағайындады.

Биатлон. Чемпионат мира. Смешанная эстафета - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға қандай спорт түрлерінен қатысады?

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев бір айдан соң басталатын қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығады.

Сонымен қатар, Әжіғалиев Пхенчхандағы Олимпиадада ұлттық құрама капитаны болмақ. Спортшы 500 метр қашықтыққа шорт-трек жарысына қатысады. Қазір Голландияда жаттығып жатыр.

Жаңалықтар
0