00:30 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Әлжан Жармұхамедов

Арыстанбек Мұхамедиұлы әйгілі қазақ баскетболшысымен кездесті

© Foto : пресс-служба министерства культуры и спорта РК
Спорт
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Әлжан Жармұхамедов КСРО құрамасында ойнап, 1972 жылғы Мюнхендегі Олимпиадада АҚШ командасын ұтқан

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik.  Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аты аңызға айналған Кеңес дәуірінің қазақ баскетболшысы, 1972 жылғы олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовпен кездесті.

Министрлік басшысы жас қазақстандық спортшыларға қолдау көрсеткені үшін ардагер спортшыға алғысын білдіріп, қазақстандық баскетболшыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Әлжан Жармұхамедов өз кезегінде Қазақстандағы спорт деңгейінің көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

Әлжан Жармұхамедов Қазақстанға "Астана" баскетбол клубының шақыруымен  "Движение вверх" ресейлік фильмінің тұсаукесеріне келген болатын.

Мюнхендегі Олимпиададағы жеңісінен бөлек Жармұхамедов 1976 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері болған. Ол үш дүркін Еуропа чемпионы атанған.

Басты тақырыптар