15:36 19 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD364.35
  • EUR419.95
  • RUB5.56
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі

Головкинге Альвареспен кездесуден бас тарту ұсынылды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports
Спорт
Қысқа сілтеме алу
3298 0 0

GGG Сондерспен кездесіп, жеңіске жетсе, 160 фунт салмақтағы төрт белбеуді де иеленеді

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) командалары арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.  

"Қарсыластың командасы тиімсіз шарт ұсынса, кейде Головкин секілді боксшыларға одан әрі жылжу керек. Мұндай кезде басқа бағытты таңдаған жөн. WBO чемпионы Сондерс егер „Канеломен“ реванш 5 мамырда өтпейтін болса, Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Головкин онымен кездесіп, жеңіске жетсе, 160 фунт салмақтағы төрт белбеуді де иеленеді. Қазіргі таңда  „Канело“ — GGG реваншы өте ме, жоқ па, белгісіз", — деп жазды ол.  

 Шон Джонстың пікірінше, бұл жекпе-жек өткен күннің өзінде „Канелоның“ айтқаны болады. Ол көп ақша алады. 

"Егер олар кездесуді кейінге қалдырып, бірі басқа боксшыдан жеңіліп қалатын болса, бұл жекпе-жек ешқашан өтпеуі де мүмкін. Сонымен қатар, келісімшартта Головкин үшін реванш өткізу мүмкіндігі қарастырылмайды. Ол ұтылған белбеулерін қайтара алмайды. „Канело“ Головкинмен үшінші рет кездескенше, қомақты ақша әкелетін басқа біреумен жұдырықтасады", — дейді автор.  


Загрузка...

Басты тақырыптар