Спорт

"Канело" алғашқы жекпе-жекте Головкиннің командасын қалай алдады?

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауль Альварес жекпе-жекке дейін барын салып жұдырықтасуға уәде берген

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткен алғашқы жекпе-жекке пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Абель Санчес: Реваншта "Канело" Головкинді құлатуы мүмкін
"Меніңше "Канело" жан аямай жұдырықтасамын деп бізді алдады. Иә, ол жақсы жекпе-жек өткізді, нокаутқа түскен жоқ, алайда жанкүйерлерге айтқан сөзінде тұру үшін соққы алмасуы тиіс еді. Сонда біз кімнің нокаутқа түсетінін көруші едік. "Канелоның" Головкинге жойқын соққы жасап, қыспаққа алуына мүмкіндік болды, бірақ олай істемеді, өйткені әрі-бері жүргеннен басқа түк бітірген жоқ.  Хаглер — Леонард жекпе-жегі өткенде Леонард сақ жүрді, бірақ кездесу мұншалық іш пыстырмаған еді: олар соққы алмасты. Біздің жекпе-жекте кескілескен ұрыс жасау қиын соқты, өйткені ол бастан-аяқ қашумен болды", — деді Санчес.  

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванш 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.   


Жаңалықтар
0