08:12 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қоғамдық әжетхана, архивтегі фото

Биоәжетханаға тығылып чемпион атанған спортшы жарыстан қуылды

© Sputnik / Павел Быков
Спорт
Қысқа сілтеме алу
451 0 0

Келли Эгнюдің құйтырқы әрекетін нәтижені тіркеуші төреші көріп қойған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Аризона штатында ультрамарафонды ұйымдастырушылар стайер Келли Эгнюді жеңімпаз атанғанына қарамастан жарыстан шеттеті, деп хабарлайды prosports.kz Marathon Investigation-ге сілтеме жасап. 

Басылымның мәлімдеуінше, Келли Эгню жарыс жолын жүгіріп өту барысында биоәжетханада тығылып, құйтырқы әрекетке барған. Ол жарыс жолын жүгіріп өтетін арнайы схема дайындаған. Әр айналымнан кейін бастапқы мәрені ғана жүгіріп отырып, кейін қайта биоәжетханаға тығылған. Ал мұны нәтижені тіркеуші төреші көріп қойған.

Айта кететін жайт, спортшы 2014/15 жылғы маусымда осы марафонның жеңімпазы атанған. Бұл жағдайдан кейін Эгнюдің нәтижесі жойылып, жеңіл атлет спорттан өмір бойына шеттетілді.

"Across the Year" марафонының ережесі бойынша спортшы белгілі бір уақытта барынша ұзақ қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. 24, 48, 72 сағат немесе алты күнде ең көп қашықтықты еңсерген адам жеңімпаз саналады.


Кілт сөздер:
әжетхана, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып