Спорт

ҚФФ президенттігіне Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасы ұсынылды

© Photo : акимат АстаныӘділбек Жақсыбеков
Әділбек Жақсыбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 ақпанда Қазақстанның футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның футбол федерациясының президенттігіне президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасы ұсынылды. 

Сейілда Байшақов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан футбол федерациясының президенті отставкаға кетпекші

Қаңтар айының басында Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов отставкаға кеткен болатын. 

Федерацияның ресми сайтында хабарланғандай, Астанада 10 ақпанда өтетін кезектен тыс конференция мәселесін талқылаау барысында өңірлік федерациялардың өкілдері бірауыздан Қазақстанның футбол федерациясының президенттігіне Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдаған.

Олар Әділбек Жақсыбековтың бұған дейін Қазақстанның футбол федерациясын басқарғанын және сол уақытта қазақстандық футболдың алға жылжығанын атап өтті. Айтуларынша, ұлттық құрама өз ойынымен отандық жанкүйерлерін қуантса, чемпионат деңгейінің өсуіне байланысты клубтар халықаралық ойындарда тұрақты түрде жақсы нәтижелер көрсете бастады. 

Кезектен тыс конференцияда дауыс берудің қорытындысы бойынша Қазақстанның футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болады. 

 

 

Жаңалықтар
0