18:13 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Сауль Канело Альварес

"Канелоны" бірден екі әлем чемпионы жекпе-жекке шақырды

© AP Photo / Kathy Willens
Спорт
Қысқа сілтеме алу
520 0 0

Эррол Спенс пен Джермелл Чарло мексикалық боксшымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Танымал боксшылар мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін кезекке тұра бастады, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы кіші Эррол Спенс (23-0, 20 КО) пен бірінші орта салмақтағы титулдың иегері Джермелл Чарло (30-0, 15 КО) "Канеломен" жұдырықтасуға ниет білдірді.   

Спенс таяуда 160 фунтке көтерілетінін мәлімдесе, Чарло керісінше мексикалыққа 154 фунтке қайта оралуды ұсынды.  

"Канело" 5 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванш өткізеді деп жоспарланып отыр. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды.    


Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Канело, Головкин
Загрузка...

Басты тақырып