Спорт

Геннадий Головкин: Мен 2018 жылға дайынмын!

© AP Photo / Kathy WillensГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин — Альварес реваншы 5 мамырда өтеді

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) биылғы жекпе-жектерге дайын екенін айтты, деп хабарлайды  Sports.kz

Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бақтияр Артаев: Головкин жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар
"Мен 2018 жылға дайынмын!" — деп жазды GGG Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы үшін биылғы жыл оңай соқпайын деп тұр. 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді, ал жеңген жағдайда WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек ұйымдастыруы мүмкін. Британиялық боксшы оған дейін отандасы Мартин Мюррейді (36-4-1, 17 КО) жеңуі тиіс.    

Головкин — Альварес реваншына 1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестің жеңісі— 2.47, тең нәтиже — 21.


Жаңалықтар
0