Спорт

БАҚ: ФИФА ұйымына қатысты тергеу басталды

Жазылу
Ірі халықаралық ұйымдарға алаяқтық жасап, ақшаның ізін жасырды деген айып тағылған

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Америка Құрама Штаттарында ірі спорттық ұйымдарға қатысты тергеу басталды, деп жазады New York Times.

Футбол. - Sputnik Қазақстан
Спорт
Футболдан ӘЧ-2018: билетті қайдан және қалай алуға болады?

Тергеушілер Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) және АҚШ-тың ұлттық олимпиадалық комитеті қызметінің айқындылығына күмән келтірген.

АҚШ-тың әділет министрлігі ірі спорттық жарыстар кезінде ақшаның ізін жасыру және алаяқтық жайттары әрі жарысты өткізуші қалаларды таңдау кезінде бұрмалаушылық болды деп санайды.  

"Сот күн тәртібіне сәйкес, тергеушілер белгілі бір елдерде спорттық ұйымдарға көмектесіп, өзінің мүддесін алға тартқан Helios Partners компаниясының жұмысын зерттеп жатыр. Helios Partners Олимпиада-2014 жарысын өткізуші қала ретінде Сочидің таңдалуы үшін Ресейге көмектесті деген күдік бар және 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушы ел ретінде таңдалуына жәрдемдескен болуы мүмкін", — деп жазады газет.

Жаңалықтар
0