Спорт

"Бәрі бітті". Майк Тайсон GGG – "Канело" жекпе-жегіне пікір білдірді

© AP Photo / Nikita BassovМайк Тайсон
Майк Тайсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен тең түсті

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Супер ауыр салмақта WBA, WBC және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) алғашқы жекпе-жегінің қорытындысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сарапшы Головкин – Чарло жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
"Екіұдай сезімдемін. Бұл жекпе-жек тең аяқталмауы тиіс еді. Дегенмен, мұндай нәтижеден ешкім ештеңе жоғалтқан жоқ.118-110 [Жеңісті "Канелоға" берген Аделаида Бердтің бағасы]? Мұндай санды көргенде, бәрі бітті деп ойлайсың. Алайда, ақыры оны естіген екенсің, келесі жекпе-жектерге алаңдай бастайсың", — деді Тайсон. 

Естеріңізге сала кетейік, "Канело" мен GGG алғашқы жекпе-жекте тең түсті. Төрешілердің бірі жеңісті қазақстандық боксшыға берді (115-113), екіншісі жекпе-жек тең өтті деген шешім қабылдады (114-114), үшіншісі (Аделаида Берд) мексикалықты жеңімпаз деп тапты (118-110).

Реванш 5 мамырда өтеді.  Головкин — Альварес реваншына 1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестің жеңісі— 2.47, тең нәтиже — 21.


Жаңалықтар
0