Спорт

Еуро-2018: Қазақстан жартылай финалда Испаниядан ұтылып қалды

© Федерация футбола КазахстанаФутзалдан Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕЧ-ның финалына шыға алмады

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Футзалдан Словенияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы Испания  — Қазақстан кездесуі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу басталысымен біздің құрама ширақ көрінді.

Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның футзал құрамасы Украина командасымен тең түсті
Нәтижесі де көп күттірмей Тайнанның соққан голының арқасында Қазақстан құрамасы есепте алға шықты. Бұл голдан соң Қазақстан құрамасында араға минут салып есепті еселейтін мүмкіндік болған. Алайда Нәурен Нұрғожин Дуглас берген пастан соң Испания құрамасының қақпашысынан айласын асыра алмады.

Испания құрамасы да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен Игита шеберлігін паш етіп жатты.

Кездесудің бірінші таймы аяқталуға бес минут қалғанда бұрыштан берілген Бебенің добын Шыңғыс Есенаманов өз қақпасына соғып алды. Бірінші таймның соңына қарай Испания құрамасының үшінші нөмерлі ойыншы Игита қақпасынан саңлау тауып,  испандықтар есепте алға шықты. 1-2 есебімен командалар үзіліске кетті.

Екінші тайм Қазақстан құрамасының бірнеше қауіпті шабуылымен басталды. Игитаның алаңда бесінші ойыншы болып араласуы да Испания құрамасын тығырыққа тіреді. Командаластары Игитаға соққы жасауына бірнеше мүмкіндік жасап берген болатын. Сондай сәттердің бірінде Қазақстан құрамасының қақпашысы есепті теңестіре алды.

 Қақпаларына гол жіберіп алған Испания құрамасы есін жимай жатып Павел Таку Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл сәтте Дуглас екі қорғаушыдан оңай өтіп әріптесіне керемет мүмкіндік жасап берді.

футзалдан қазақстандық команда - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан футзал бойынша ТОП-10 құрамалар қатарына енді
Турнирдің басты фавориттері саналған Испания құрамасы таразы басын араға төрт минут салып теңестіре алды.

Ал ойынның 33-ші минутында Пола соққан гол Испания құрамасын есепте алға шығарды. Бұл жерде Пола Қазақстан құрамасы ойыншысы Нәурен Нұрғожиннің қателігін сәтті пайдаланды.

Ойынның соңғы минуттарында Қазақстан құрамасы есепті теңестіру үшін тайлы тұяғымен шабуылға шықты. Есепті теңестіру Қазақстан құрамасының қатарындағы үздік ойыншы Дугластың қолынан келді. Осылайша кездесудің негізгі уақыты 4-4 есебімен аяқталды.

Аздаған үзілістен соң қос команда арасындағы алаңдағы айқас қайта жалғасты. Бұл тұста Қазақстан құрамасы ойыншыларының шаршап қалғандығы байқалды. Әсіресе команданың көшбасшысы Дуглас. Ол түсінікті де. Ойын барысында алаңда ең көп уақыт өткізген де осы Дуглас болатын. Какау бапкер Дугласқа аздаған үзіліс берген сәтте Қазақстан құрамасы қақпасына гол жіберіп алды. Өкінішке орай бұл сәтте Игита да аздаған қателікке бой алдырды. Бірінші овертайм Испанияның жеңісімен аяқталды.

Екінші овертайм Қазақстан құрамасының айқын басымдығымен өтті. Ойын аяқталуға екі минут қалғанда қазақтың майдайына біткен Серік Жаманқұлов есепті теңестіріп, кездесу тағдырын ойын соңындағы пенальтиге ауыстырды.

Пенальти сериясында Қазақстан құрамасы ойыншысы Тайнаннан өзгесінің бәрі дәлдік танытып, Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Сборная Казахстана по футзалу - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан құрамасы футзал бойынша ӘЧ плэй-офф кезеңінде Испаниямен ойнайды
Ал Қазақстан құрамасы болса Ресеймен үшінші орын үшін ойнайтын болады.

Қазақстан — Испания 4:4 (1:2) Қосымша уақыт 5:5, пен. 1:3

Голдар: Тайнан 8 (1:0), Есенаманов автогол 16 (1:1), Тольра 19 (1:2), Игита 25 (2:2), Таку 25 (3:2), Хоселито 29 (3:3), Дуглас 39 (4:4), Мигелин 43 (4:5), Жаманқұлов 48 (5:5)

Пенальти: Мигелин — 0:1, Тайнан (қақпашы) — 0:1, Ортис — 0:2, Першин — 1:2, Лин  — 1:3. 

Ескерту алғандар: Тайнан 6, Сулейменов 14, Дуглас 34, Игита 37 — Пола 14, Алекс 20, Ортис 25

Қазақстан: Игита, Тайнан, Есенаманов, Дуглас, Нұрғожин — Шамро, Жаманқұлов, Сүлейменов, Довгань, Першин, Таку, Тұрсағұлов, Оразов

Испания: Седано, Ортис, Пола, Мигелин, Алекс — Эрреро, Тольра, Бебе, Адольфо, Солано, Лин, Лосано, Усин, Хоселито


Жаңалықтар
0