10:40 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев (ортада)

Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиаданың ширек финалына шықты

© Sputnik / Владимир Песня
Спорт
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Жұмағазиев, Әжғалиев пен Никиша ширек финалда бақ сынайды

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Жарыстың қорытындысы бойынша Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжғалиев ширек финалға өтті. Үш отандасымыз да қосымша мүмкіндікке ие болды.

"Cайыстың басында конькидің жүзін ауыстыруға тура келді. Сол себепті мұқият жүгірдім. Бұл 500 метр, мұнда бәрі бірін-бірі соғып, қақтығысады", — деді Денис Никиша.

"Шорт-тректе сәттілік өте маңызды. Мұнда ең мықты спортшылар жиналды. Маған қарсы ереже бұзған қытайлық әлемдегі ең белді шорт-трекшілердің бірі. Ширек финалға шыға алғаныма қуаныштымын. Енді жартылай финалға жолдама алуға тырысамын", — деп атап өтті Нұрберген Жұмағазиев. 


Кілт сөздер:
шорт-трек, Олимпиада-2018, Оңтүстік Корея
Загрузка...

Басты тақырып