Спорт

Жеңілмеген америкалық боксшы: "Головкиннің мені өлтіргені керек пе?"

© AP Photo Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джервонта Дэвис қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысқа жауап берді

АСТАНА, 22 ақпан  — Sputnik.  Жеңіл салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Джервонта Дэвис (19-0, 18 КО) Instagram-да жанкүйердің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz

Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс: Құдайым, өтінемін, Головкин Альваресті жеңсе екен
"Кім не десе, о десін, „Танк“ (Дэвистің лақап аты — агенттік ескерт.) GGG-ді жеңеді! Иә, оның дене бітімі шағындау болуы мүмкін, алайда ол ширақ қозғалуының арқасында ұпай санымен ұтады", — деп жазды жанкүйер. 

"Сен мені өлтіргенін қалайсың ба?! Солай достым", — деп шынын айтып жауап берді Дэвис.

Айта кетейік, Дэвис бүгінде Mayweather Promotions промоутерлік компаниясының атынан шығып жүр. Ал Головкинге қатысты айтсақ, ол 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді. Олардың екінші жекпе-жегіне 1XBET букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.62, Альварестің жеңісі — 2.635, тең нәтиже — 21. 


Жаңалықтар
0