Спорт

Олимпиадада Қазақстанның туын ұстаған Әжіғалиев үздік ондыққа енді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАбзал Әжіғалиев
Абзал Әжіғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан спортшысы Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтыққа шорт-тректен үздік ондық қатарына енген

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды ұлттық олимпиадалық комитет баспасөз қызметі.

Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Полторанин мен Волотка Олимпиада финалына шыға алмады

Қазақстан құрамасының туын ұстаушы 500 метр қашықтыққа созылған жартылай финалда бесінші орын иеленіп, финалға өте алмады.

Екі топтық жарыстан кейінгі ақтық сынға қытай Ву Даян, канадалық  Самуэль Жирар және кәріс спортшылары Хван Да Хун мен Лим Ху Юн шықты. 

Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше бір ғана қола жүлде бар.

Жаңалықтар
0