Спорт

Қазақтың белгілі спорт комментаторы қайтыс болды

Жазылу
Сұлтанғали Қаратаев қазақ тіліндегі бірқатар спорттық терминнің авторы

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Қазақстанның алғашқы қазақ тілді спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден озды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Гүл мен шырақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нархоз университетінің негізін қалаушылардың бірі Қаби Оқаев өмірден озды

Спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев 82 жасқа келіп, дүние салды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Алматының Орталық стадионында алғаш рет спорттық шараны қазақ тілінде жүргізген. Оның спорттық репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр. 

Сұлтанғали Қаратаев қазір қазақ тілінде қолданылып жүрген көптеген спорттық терминді ойлап тапқан. Қазақстанның спорттық журналистикасына қосқан үлесі де зор. Оның авторлығымен спорт тақырыбында талай мақалалар жарық көрді.  

Қазақстанның футбол федерациясы Сұлтанғали Қаратаевтың қазасына орай туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Жаңалықтар
0