Спорт

Стойловтың шәкірттері соңғы секундтарда ұтылып қалды

© REUTERS / Bernadett SzaboФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Болгария арасындағы жолдастық кездесу 2:1 есебімен аяқталды

АСТАНА, 27 наурыз  — Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгриядағы жолдастық матчта болгарлармен тең деңгейде теке-тірескенімен, қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бірінші таймның алғашқы жартысы алма кезек шабуылдармен өткен. Тек 24-минутта бас төреші Ғафуржан Сүйімбаев өз айып алаңында болгар футболшысына қарсы ойын тәртібін бұзды деп шешті де, біздің қақпаға пенальти белгіледі. Нүктеге келген Ивелин Попов дәл соққы жасады. Болгария алға шықты – 1:0.

футбол - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын жеңді

Станимир Стойлов шәкірттері үзіліске дейін есепті теңестіре алмады. Есесіне екінші таймда қазақстандық футболшылар алға ұмтылды. Алдымен, Роман Мұртазаев допты қарсылас қақпасының маңдайшасына тигізді. Кейін болгариялық қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнағандай көрінген, алайда төрешінің ысқырығы үнсіз қалды.

55-минутта ойынға тыңнан қосылған Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестіре алды. Айып алаңындағы қарбаластан соң доп Тұңғышбаевтың аяғына келіп жеткен – қазақстандық футболшы жақын бұрышты дәл көздеді.

Тұңғышбаевтың алаңға шығуымен, Қазақстан құрамасының шабуылына жаңа дем бітіп, екінші тайм Стойлов шәкірттерінің басымдығымен өтті. Еркебұлан Сейдахмет те алдыңғы шепте белсенді ойнады. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы екінші голын соға алған жоқ. Есесіне болгариялықтар өздерінде болған аз мүмкіндіктің бірін тағы да пайдаланып кетті. Ең соңғы секундтарда стандарттан соң Николай Бодуров Болгария құрамасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп — 2:1.

Жаңалықтар
0