Спорт

Қазақ жігіті мексикалық боксшыны 35 секундта нокаутқа түсірді

Жазылу
Канада болған бокс кешінде Батыр Жүкембаев кәсіби рингте 12-рет жеңіске жетті

АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев қарсыласын жарты минутқа жеткізбей техникалық нокаутпен ұтты. Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кеші туралы толығырақ sports.kz хабарлайды.

26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньес болды. Сегіз раундтан тұратын жартылай орташа салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек бірінші раундтың отыз бесінші секундында техникалық нокаутпен Жүкембаевтың пайдасына шешілді.

Қазақтың былғары қолғап шебері кәсіби рингте әлі жеңіліп көрген жоқ, бұл оның 12-ші жеңісі.

Жаңалықтар
0