Спорт

Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін

© AP Photo / Isaac BrekkenСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альварес допинг тестен өте алмауына байланысты 5 мамырға жоспарланған Головкинге қарсы екінші жекпе-жектен бас тартқан болатын

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Головкин мен Альварестің өкілдері жекпе-жекті 2018 жылдың күзінде өткізу үшін келіссөз жүргізеді. Жекпе-жек 15 қыркүйекте өтуі мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Альварес Головкинге қарсы жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді
 

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекті кейінге шегеруге қарсы емес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Канело арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған. Алайда ақпан айында Альварестің қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Алайда Головкин өзінің келесі жекпе-жегін жоспарлаған уақытында, яғни, 5 мамырда өткізбек. Бұл кездесудегі қарсыласы кім болары белгісіз.


Жаңалықтар
0