Спорт

Головкин мен Сондерс жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

© REUTERS / Matthew ChildsБилли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық боксшының промоутері қос әлем чемпионы күзде жұдырықтасатынын мәлімдеді

АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек күзге дейін шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзінше қос тарап мамыр немесе маусым айында жекпе-жек өткізу туралы бір келісімге келе алмаған. 

Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Ол Мэйвезердің өзін "тонамақ" болды". Сондерс Головкинді сақтандырды

"Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлесіп, Головкин — Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді шештік. 5 мамыр күнгі жекпе-жектен Биллидің жарақаты болғандықтан бас тарттық. 

Егер 23 маусым Билли Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғаса, күзде Головкинмен жұдырықтасады. Бұл керемет жекпе-жек болады және оны Британияда ұйымдастырғымыз келеді", — деді Фрэнк Уоррен.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің 5 мамырда кіммен жекпе-жек өткізетіні әлі белгісіз. 


Жаңалықтар
0