Спорт

Головкиннің жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми жарияланды

© AFP 2024 / ADRIAN DENNISГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жекке бір айдан аз уақыт қалды, бірақ қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді. Бұл туралы Невада штатының атлеткиалық комиссиясының (NSAC) сайтында жарияланды, ол бокс кешін өзінің күнтізбесіне қосып қойған. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін

Жекпе-жек HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетілетін болады. 

Дегенмен, белгіленген күнге бір айдан аз уақыт қалса да, допингпен ұсталып, жекпе-жектен бас тартқан Сауль Альварестің орнына Головкиннің қарсыласы кім болары әлі белгісіз. 

Басты кандидаттар ретінде украиналық боксшы Сергей Деревянченко мен ирландиялық Гэри О'Салливан қарастырылып жатыр. 


Жаңалықтар
0