Спорт

Геннадий Головкин: "Канело" — ешкім емес, оны ұмытыңыздар!"

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі допинг сынамасынан тыйым салынған зат – кленбутерол табылған мексикалық Сауль Альварес Головкинмен екінші рет жұдырықтасудан бас тартқан болатын

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтетін алдағы жекпе-жегін ғана ойлап жүргенін және допингпен ұсталып, реванштан бас тартуға мәжбүр болған мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жайында ештеңе айтқысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz. 

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело": Головкин жеңіліп қаламын деп қорқып, сылтау іздеді

"Канело" кінәлі ме дейсіз бе? Өтінемін, "Канелоны" ұмытыңыздар. Ол — ешкім емес! Мен кәсіпқоймын, өз ісімді білемін, мен 5 мамыр күні Лас-Вегаста жұдырықтасамын", — деді Головкин. 

Естеріңізге сала кетейік, Невада штатының атлетикалық комиссиясы "Канелоның" қанынан допинг табылуына байланысты оны бокстан уақытша шеттеткен болатын. Осы жағдайдан кейін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы реванш тоқтатылғанын жариялады. Альвареске қатысты шешім 18 сәуірде қабылданады. 

Головкин жекпе-жекті бекітілген күні, алайда T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand аренасында өткізеді. Оның қарсыласы жақын күндері белгілі болады.    


Жаңалықтар
0