Спорт

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Испанияда "алтын" алды

Дмитрий Баландин, архивтегі сурет
Дмитрий Баландин, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған қоса Дмитрий Баландин Испания чемпионатының рекордын жаңартты

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында топ жарды, деп жазды prosports.kz.  

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық Баландин жүзуден Олимпиада алтынын жеңіп алды

200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді – 2:09.31. Бұған қоса Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты. Сондай-ақ, кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды. Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді.

Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы Азия ойындарына дайындалуда.


Жаңалықтар
0