Спорт

Баландин Испаниядағы біріншілікте үшінші алтын жүлдесін иеленді

© AFP 2024 / Martin BUREAUДмитрий Баландин
Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дмитрий Баландин 100 метрлік брасс әдісімен жүзу жарысында топ жарды

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Испаниядағы ашық біріншілікте үшінші алтын жүлде иеленіп, абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды sports.kz.

Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Дмитрий Баландин Испанияда екінші "алтынын" алды

Үшінші алтынын қазақстандық жүзуші Малагада өтіп жатқан Испанияның ашық чемпионатының соңғы күні жеңіп алған. Бұл жолы – 100 метрлік брасс әдісімен жүзу жарысында. Сөйтіп, ол брасс әдісімен жүзу жарысында ұсынылған үш алтын медальдің бәрін ұтты. 

Чемпионаттың соңғы күні қазақстандық рекордсмен Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен жүзу жарысында қола жүлде иеленсе, Әділ Қасқабай 50 метрлік еркін сайыста үшінші орынға ие болды. 

Малагадағы турнирде қазақстандық жүзушілер барлығы сегіз жүлдеге қол жеткізді – үш алтын, үш күміс және екі қола.


Жаңалықтар
0