06:01 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Спорт
Қысқа сілтеме алу
753 0 0

GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен реваншы "Канелоның" допинг-тестен өте алмауына байланысты тоқтатылған болатын

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин баспасөз конференциясында соңғы кездері рингке жиі шыға алмай жүргеніне қапалы екенін айтты, деп жазды Sports.kz. 

5 мамырға белгілеген GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен реваншы "Канелоның" допинг-тестен өте алмауына байланысты тоқтатылды, қазір Геннадийдің командасы осы күнге басқа қарсылас іздеп жатыр.  

"Әрине, бұрынғыдай жылына 3-4 жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі жағдай мен үшін сұмдық. Маған бокс қызық болмай барады. Біз 5 мамыр, ең маңызды датадағы жекпе-жектен (Альвареспен) айырылып қалдық. Енді ешкім менімен жұдырықтасқысы келмейді. Әлі қимылым ширақ, өзімді жақсы сезінемін. Спорттың бұл түрін жақсы көремін. Келесі жекпе-жек ондай маңызды болмауы мүмкін, алайда бұл қалай дегенде де жекпе-жек. Жекпе-жек өткізгенді жақсы көремін", — деді Геннадий Головкин. 


Загрузка...

Басты тақырып