03:29 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Геннадий Головкин

Америкалық боксшы 5 мамырда Головкинмен жекпе-жек өткізетінін құлақтандырды

© AP Photo / Damian Dovarganes
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1337 0 0

Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы америкалық боксшы Ванес Мартиросян болуы мүмкін

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян Sports.kz порталына берген сұхбатында "Қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу мүмкіндігі бойынша қандай да бір жаңалық бар ма?" деген сұраққа жауап берді.  

"Иә, менің GGG-мен жекпе-жек өткізуім жайлы жаңалық бар. Ертең барлығы жария етіледі", — деп мәлімдеді ол.   

34 жастағы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) 2016 жылдың мамырында Эрисланди Ларадан ұпай санымен жеңілгеннен кейін кәсіпқой бокста екі жылға жуық жекпе-жек өткізбеген. Ол Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін бірінші орта салмақтан орта салмақ дәрежесіне көтерілуі тиіс.   


Басты тақырыптар