Спорт

Чарло отандасын нокаутқа түсіріп, Головкиннің белбеуіне үміткер болды – видео

© AP Photo / John LocherДжермалла Чарло
Джермалла Чарло - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джермалл WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуін иеленді

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Нью-Йорктегі бокс кешінде америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) өзінің отандасы Уго Сентеноны (26-1, 14 КО) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Sports.kz

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сергей Деревянченко: Головкин менен неліктен қашып жүргенін түсінбеймін

Чарло екінші раундта-ақ қарсыласын жойқын соққының астына алып, нокаутқа түсірді.  

Джермалл орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуін иеленіп, толыққанды титулға міндетті үміткер атанды, ал бұл белбеуді қазіргі таңда қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленіп отыр. 

GGG келесі жекпе-жегін 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренада америкалық Ванес Мартиросянға қарсы өткізеді.  

Жаңалықтар
0