Спорт

Өзіндік стиль: елімізде футболды дамыту стратегиясы ұсынылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық футболды дамыту үшін "Алға, футбол. Алға Қазақстан" стратегиясы құрылып, соған сәйкес отандық дарынды футболшыларды іздеу әрі ерекше ойын стилін қалыптастыру ұсынылған

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Қазақстанның футбол федерациясы бас хатшысы Азамат Айтхожин Қазақстан футбол федерациясының кезекті XVII конференциясында отандық футболды дамытуға бағытталған "Алға, футбол. Алға Қазақстан" стратегиясымен таныстырды.

Станимир Стойлов, - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның футбол құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Бұл стратегияның құруға танымал спорт қайраткері, ардагер футболшы, он жылдан астам "Рубин" мен "Қайрат" клубтарында еңбек еткен Черепанов Павел Петрович атсалысқан.

"Барлық бағыттар ұлттық құрама мүддесіне орай жұмыс істеу керек. Құраманың жарыстардағы нәтижесіне қарап, бүкіл футбол әлемінде Қазақстан туралы пікір қалыптасады. Бір айтқым келетіні, әлемде әртүрлі ойын стилі бар. Қазір біз әзірлеп жатқан жол картасы бағдарламасында алдымызға үлкен мақсат қойдық – бүкіл дүние жүзіне танылатын қазақстандық ойын үлгісін қалыптастырғымыз келеді", — деді Айтхожин конференция барысында. 

Жалпы, бас хатшының мәліметі бойынша, стратегия қазіргі уақыттағы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған екен. Мысалы, биылдан бастап 200 мыңнан астам әуесқой футболшыларды паспорттау процесі басталып кетті. Федерация бүкіл Қазақстан бойынша ауылды жерлерде футболмен айналысатын дарынды жастарды бақылап отырады.

"Қоғам тарапынан төрешілерге айтылатын сын аз емес. Бірақ, бір айтарым, 90-шы жылдардың соңындағыдай бейберекетсіздік қазір жоқ, болмайды да. Біз бұл бағытта да дамып келеміз", — деп сендірді Айтхожин.

Жаңалықтар
0