Спорт

Данияр Елеусінов: Головкин қазақы стилін жоғалтқан жоқ

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олимпиада чемпионы кәсіпқой бокста көп нәрсе үйренгісі келетінін айтты

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Кәсіпқой боксқа ауысқан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов отандасы Геннадий Головкиннің жұдырықтасу стилі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Мартиросян көз арбасты

"Геннадийде мексикалық стиль деп ойламаймын. Ол өзінің қазақы стилін, ТМД елдеріне тән стильді жоғалтқан жоқ. Ол соққы жасаушы бокс түріне қарай ауысты, себебі мексикалықтар жақын және орта қашықтықта жұмыс істегенді жақсы көреді. Ал Головкин өзіне ыңғайлы қашықтықта өнер көрсетеді. Сондықтан, мен де өз тактикам мен өз қашықтығымды ұстанамын. Әрине, көп нәрсені үйренгім келеді", — деді Данияр.

Айта кетейік, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізеді. Ал Головкиннің келесі кездесуі 5 мамырда Калифорнияда америкалық Ванес Мартиросянға қарсы болады.

 

Жаңалықтар
0