Спорт

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліс тапты

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Ниязов
Димаш Ниязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш төрешілер шешімімен мексикалық қарсыласына есе жіберді, ол 5-ші раундта нокдаунға түсті

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп жазды prosports.kz. 

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді – видео

Нью-Йоркте Barclays Center аренасында Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) — Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) бокс кеші аясында ол мексикалық Анхель Саринамен (7-2, 3 КО) кездесті. Жеңіл салмақта 6 раундқа созылған жекпе-жек Саринаның жеңісімен аяқталды.

Төрешілер 59-52, 59-53, 58-54 есебімен жеңісті бірауыздан мексикалыққа берді. Бұл Димаш үшін кәсіби бокстағы 8-ші кездесу болатын және Ниязов осы жолы алғаш рет жеңілді.

Осы ретте Димаштың 5-ші раундта нокдаунда болғанын айта кету керек. Осыған дейін тілшілерге берген сұхбатында қазақстандық: "Мен жарқын жеңістерімді одан әрі де жалғастыра бергім келеді. Маған өзімнің атақ-даңқымды әлемге айқындау үшін үлкен алаң керек. Алдыда мен үлкен істер күтіп тұр",-деген болатын.


Жаңалықтар
0