23:04 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Бокс рингі

"Чемпиондар осылай туады". Қуат Хамитов жеңілген Шәрібаевқа қолдау білдірді

CC0
Спорт
Қысқа сілтеме алу
336 0 0

13 сәуірде жерлесіміз Айдар Шәрібаев америкалық Эндрю Канчиомен чемпиондық белбеуге таласып, жеңіліп қалған болатын

АСТАНА, 30 сәуір — Sputnik. Қазақ жанкүйерлеріне "Найман" деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жек батыры Қуат Хамитов таяуда чемпиондық айқасында жеңіліп қалған кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевқа қолдау көрсетті, деп жазды prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуірде АҚШ-тың Индио қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Айдар Шәрібаев америкалық Эндрю Канчиомен WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласып, кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

"Мағынасыз 10 жеңістен гөрі осындай бір айқас артық. Бәрі алда. Чемпиондар осылай туады", – деп Айдар Шәрібаевтың инстаграмдағы парақшасында Қуат Хамитов қолдау білдірді.

Ал Шәрібаевтың өзі аз-кем демалыстан кейін жақын арада жаттығуға қайта кіріседі.


Загрузка...

Басты тақырып