07:42 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Геннадий Головкин

Головкинге қарсылас болуы мүмкін 8 боксшы анықталды

© AP Photo / Jae C. Hong
Спорт
Қысқа сілтеме алу
387 0 0

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ringside Boxtalk басылымы қазақстандық Геннадий Головкинге алдағы жекпе-жектерде қарсылас атануы мүмкін боксшыларды таңдады, деп хабарлайды prosports.kz.

"Головкин-"Канело" рематчының өте мүмікндігі 10% деп болжанды. Бірақ промоутер Том Леффлер оптимистік көзқараспен қарайды. Боб Арум болса желтоқсанда Риота Мурата мен Головкин жекпе-жегін өткіземін деп отыр. Абель Санческе осы идея ұнайтын секілді. Басқа дивизионнан Билли Джо Сондерс, Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Сергей Деревянченко мен Дэниэл Джейкобс қарсылас атануы мүмкін. Сондай-ақ, GGG бокстасуы мүмкін боксшылардың тізімінде Хильберто Рамирес бар. Осылайша Головкин үшін бірнеше нұсқа қарастырылып отыр", — деп жазады сайт.

Еске сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

 

Загрузка...

Басты тақырып