Спорт

Жеңілмеген қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәурен Елеусінов АҚШ-тағы бокс кешінде америкалықты үшінші раундта жеңді

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik. Қазақтандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Елеусінов кәсіпқой бокстағы қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды

Орта салмақтағы төрт раундтық жекпе-жектегі оның қарсыласы 26 жастағы америкалық Джован Джон (2-4-1, 0 КО) болды. Стоун-Маунтинде (АҚШ, Джорджия штаты) Legacy Garden Park and Event Center ойын-сау кешенінде өткен жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Дәурен карьерасында жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал  Джон бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралған Дәурен Елеусінов 6 сәуір күні АҚШ-тың Индиана штатында өткен бокс кешінде америкалық Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген еді.

Айта кетейік, Дәурен Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Бұл салмақта сондай-ақ Нұрзат Сабыров, Арман Рысбек, Азиз Избакиев секілді боксшыларымыз ел намысын қорғап жүр. 


Жаңалықтар
0