Спорт

Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды

© Sputnik / Михаил Кутузов / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Руслан Мәдиев (11-0, 5 КО) және оның қарсыласы Хесус Перес (21-0, 16 КО) 2 000 доллардан алған

АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында 5 мамырда өткен Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) — Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) бокс кеші қатысушыларының гонорары жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин Мартиросянды нокаутқа түсірді

Бұған дейін жазғанымыздай, Головкин 1 000 000 доллар, Мартиросян 225 000 доллар; Сесилия Брекхус (32-0, 9 КО) 50 000 доллар, Кали Рейс (13-6-1, 4 КО) 20 000 доллар; Райан Мартин (21-0, 12 КО) 25 000 доллар, Брейдис Прескотт (31-12, 22 КО) 10 000 доллар табыс тапты.

Енді өзге боксшылардың да гонорары белгілі болып отыр. Сонымен, қазақстандық Руслан Мәдиев (11-0, 5 КО) және оның қарсыласы Хесус Перес (21-0, 16 КО) 2 000 доллардан алған. Брайан Себальо (1-0, 1 КО) мен Нэм Фан (3-5, 2 КО) тиісінше 6 000 және 3 000 доллар табыс тапты. Джесси Родригес (5-0, 3 КО)  3 000 долларға жұдырықтасса, оның қарсыласы Армандо Васкес (25-21-1, 6 КО) 1 200 долларды қанағат тұтыпты.   


Жаңалықтар
0