Спорт

"Бұлшықеттері жоғалып кетті". Альварестің фотосы әлемді таңғалдырды

© AP Photo / Kathy WillensСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канелоның" реваншы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Youtube-тегі Boxing Physique арнасы мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазіргі дене бітіміне талдау жасады, деп хабарлады Sports.kz.

"Канело" "сиыр етінен" бас тартып, VADA-ға допинг-сынама тапсырып жатыр. Оның бұрынғы дене бітімін қазіргісімен салыстыра қарап, едәуір айырмашылықты байқап отырған боларсыздар? Оның бұлшықеттері жоғалып кетті – өзгеріс көзге айқын көрініп тұр. Бұл маусымаралық немесе қандай да бір өзгерістермен байланысты ма?", — деп сұрақ тастаған арна.

 

Көптеген жанкүйер бұл Альварес кленбутеролды қабылдауды тоқтатқанының дәлелі екеніне сенімді. Айтуларынша, Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) алғашқы жекпе-жекте ол тым ірі көрінген.

Боксшылардың реваншы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0