Спорт

Головкин соққысы жойқын боксшылардың үштігіне кірді

© AFP 2024 / MARK RALSTON /Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің Деонтей Уайлдер мен Энтони Джошуа ғана алдын орап кеткен

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы жойқын боксшылардың рейтингісін жасаған, деп хабарлады prosports.kz.  

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – "Канело" реваншы: Котто нокаутқа 3 млн доллар тігетінін айтты

Рейтінгіде WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы  Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) ғана Головкиннің алдын орап кеткен. 

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңген. 

Келесі кездесуін қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен өткізеді деп жоспарлануда. 


Жаңалықтар
0