Спорт

Зиданның "Реалдан" не себепті кеткені анықталды

© AP Photo / Borja B. HojasЗинедин Зидан "Реалдың" бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді
Зинедин Зидан Реалдың бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зидан клуб президентінен Эден Азарды сатып алуды сұраған. Оған басшылық келіспеген

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Зиннедин Зиданның "Реалдың" бас бапкері қызметінен кетуіне клуб президенті Переспен келіспеушілігі себеп болған, деп хабарлады prosports.kz.

Зинедин Зидан Реал футбол клубының бас бапкері қызметінен кететінін жариялады - Sputnik Қазақстан
Спорт
Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан Зинедин Зидан қызметінен босады

Зидан клуб президенті Флорентино Перестен Эден Азарды сатып алуды сұраған. Оған басшылық келіспеген. Керісінше "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид Де Хеаны сатып алғысы келетіндерін айтқан. Ал Зидан қазіргі қақпашы Кейлор Навасты ешкіммен алмастырғысы келмепті.

Айта кетейік, франциялық маман испаниялық клубпен Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. 

Matchtv.ru хабарлағандай, Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда "Тоттенхэмді" жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.


Жаңалықтар
0