Спорт

50 Cent Головкиннің ескі фотосын қалжыңға айналдырды

© AFP 2024 / ADRIAN DENNISГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Атақты америкалық рэпер 50 Cent қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді тағы да еске алды, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады

"GGG үлкен жекпе-жекке дайын!" — деп қалжыңдады музыкант Головкиннің ескі фотосын желіге жүктей отырып. Онда Геннадий ESPN кеңсесінде америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезердің (50-0, 27 КО) макетін "ұрып" жатыр.  

Шындығында қазір қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда қос боксшы келісе алмаса, 15 қыркүйекте "Канело" америкалық Дэниэл Джейкобспен (34-2, 29 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Олай болған жағдайда Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) кездесуі немесе басқа қарсылас қарастыруы мүмкін.   

Жаңалықтар
0