07:21 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Илья Ильин

Ильин: мен бақытты жанмын

© Foto : служба центральных коммуникаций
Спорт
Қысқа сілтеме алу
92 0 0

Қазақстандық ауыр атлет үлкен спортқа қайта оралды

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық спортшы Илья Ильин Астанада журналистермен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері допинг дауынан кейін екі жыл спорттан шеттетілуге мәжбүр болған атлеттен қиын сәтте одан кімдер теріс айналғанын сұрады. 

"Менен ешкім теріс айналған жоқ. Барлығы жақсы болды. Өмірде кейбір адамдармен жолың айырылатын сәттер болады. Оның өмірі басқа, сенің өмірің басқа арнаға түседі. Бірақ менен ешкім теріс айналып кеткен жоқ. Сол үшін де мен бақытты жанмын. Ата-анам, жақындарым – бәрі қиын сәтте жанымнан табылды. Әлсіздігіңді бөтен біреуге көрсете алмайсың ғой, тек үйде ғана. Қиын сәттерде шыдамдылық танытып, маған демеу болған әке-шешеме алғыс айтамын", — деді Ильин. 

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Ауыр атлетті спорттан шеттету мерзімі осы жылдың 10 маусымында аяқталды.

Кілт сөздер:
зілтемірші, спорт, Илья Ильин
Загрузка...

Басты тақырыптар