Спорт

ӘЧ-2018: Хорватия құрамасы Нигерияны жеңді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол. ӘЧ-2018. Хорватия - Нигерия
Футбол. ӘЧ-2018. Хорватия - Нигерия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші таймда Нигерия ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды

АСТАНА, 17 маусым — Sputnik. Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің D тобындағы алғашқы матчтар аяқталды, деп хабарлады Prosports.kz. 

Футбол добы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Футболдан әлем чемпионаты: Ресей алғашқы ойында 5:0 есебімен жеңіске жетті

Бірінші турда күш сынасқан Хорватия мен Нигерия құрамалары аса тартысты матч өткізді. Африкалық құрама өзінің жанкешті жас ойыншыларына сүйенсе, еуропалықтар тәжірибелі футболшыларына иек артты.

Ойын қорытындысында тәжірибе жеңіске жетті. Бірінші таймда жасыл жейдедегі команданың ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Манджукичтің баспен бағыттаған добы Этебоның аяғына тиіп, өз қақпасынан табылды. Ал екінші таймда Модрич пенальтиден гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Әлем чемпионаты — 2018

Хорватия — Нигерия — 2:0

Гол соққандар: Этебо (өз қақпасына) 32, Модрич (П) 72

Хорватия: Субашич, Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич, Ракитич, Модрич, Перишич, Ребич, Крамарич, Манджукич.

Нигерия: Узохо, Балогун, Трост-Эконг, Шеку, Идову, Ндиди, Микел, Мозес, Айуоби, Этебо, Игало. 


Жаңалықтар
0