Спорт

HBO арнасы "Канелоны" Головкинмен жекпе-жек алдында әшкерелемекші

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джим Лэмплидің бағдарламасында Альварестің не үшін жекпе-жекті жарнамалауға құлықсыздық танытқаны айтылады

АСТАНА, 21 маусым —Sputnik. HBO телеарнасының атқарушы директоры Тони Уокер мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жегін телевидениеде жарнамалауға құлықсыздық танытуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.   

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин — "Канело" рематчының табысы қалай бөлінетіні айтылды

"Канелодан" табанды жарнама міндеттемесін алған жоқпыз. Біз фанаттарға не болғанын білуге мүмкіндік беретін бағдарламаның эфирге шығуын күтіп отырмыз. Адал болғымыз келеді. Джим Лэмплидің жекпе-жек алдында шығатын "Fight Game" деп аталатын бағдарламасы бар. Ол не болғанын жайып салмайды деп ойлайсыздар ма?", — дейді Уокер.

Сондай-ақ "Канело" Головкинмен бірлескен баспасөз конференциясын өткізгісі келмейтінін мәлімдеді, дегенмен промоутерлер бұл мәселені реттеуге тырысып жатыр.  


Жаңалықтар
0