09:27 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Ауыр атлетика

Қазақстандық зілтеміршілер Токиоға бара ма?

© Sputnik / Григорий Сысоев
Спорт
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқандай, допинг дауынан кейін спортшылардың додаға қайта түсуі "заң бойынша" қаралып жатыр

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дисквалификацияға ұшыраған зілтеміршілердің тағдыры жайында айтты.

"Дисквалификация алған спортшылар Токиодағы Олимпиадаға қатысуы үшін мәселені заң жүзінде қарап жатырмыз. Оның үстіне, Илья Ильин ерекше құлшыныс білдіріп отыр", — деп жауап берді министр Sputnik сұрағына.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин бұдан бұрын үлкен спортқа оралатынын мәлімдеген болатын.

"Әлбетте, спортшыларымыз, оның ішінде Илья Токиода спорттық шеберліктерін танытуы үшін қолдан келгенді жасаймыз", — деп қорытты мәдениет және спорт министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зілтеміршілер Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоның дисквалификация мерзімі биыл мамыр айында аяқталған, ал Ильиндікі – 10 маусымда. Допинг дауы жайында толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

Кілт сөздер:
олимпиада, ауыр атлетика, зілтемірші
Загрузка...

Басты тақырып