10:36 18 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.98
  • EUR430.63
  • RUB6.11
Хорватия құрамасы

Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтып, финалда ресейліктермен ойнағысы келеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Спорт
Қысқа сілтеме алу
222 0 0

Хорватияның бапкерлер штабының мүшесі Ивица Олич футболдан әлем чемпионатының ақтық сынында Ресей құрамасымен кезігеміз дейді

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Хорватия құрамасы Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, алты ұпаймен плей-оффқа шықты.

Гол авторлары — Анте Ребич (53-ші минут), Лука Модрич (80) және Иван Ракитич (90).   

Исландия құрамасына қарсы ойындағыдай Лионель Месси шеберлігін таныта алмады.

Лионель Месси
© Sputnik / Александр Вильф
Лионель Месси

"Месси – әлемдегі ең мықты ойыншылардың бірі, бірақ оған да тосқауыл қоюға болады", — деп мәлімдеді хорваттардың қорғаушысы Деян Ловрен қуанышын жасырмай.

"Біз әлсіз қарсылас болып саналамыз ғой, соның пайдасы бар. Ешкімнен қорықпаймыз", — дейді ол.

Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич екінші голды салып, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Бұдан бұрын Ресей құрамасы да айшықты жеңіске жетіп, топтық кезеңді артқа тастаған болатын. 

"Әлемнің ең мықты құрмаларының бірін жеңгенімізге қуаныштымын. Орыс достарымды кезіктірдің бе дейсіз бе? Финалда Ресеймен ойнаймыз!" — деп мәлімдеді Хорватияның бапкерлер штабының мүшесі.

Аргентина құрамасы екі матчтан бір ғана ұпай жинап, ақтық кездесуде 26 маусымда нигериялықтармен бақ сынасады.

ӘЧ-2018: Бразилия алғашқы ойында жеңіске жете алмады>>

ӘЧ-2018: Ресей — Сауд Арабиясы матчының айшықты сәттері>>

Кілт сөздер:
ӘЧ-2018, футбол, Аргентина, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып