Спорт

Атақты боксшының бапкері Головкин "Канелодан" жеңіліп қалғанын айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Флойд Мэйвезердің бапкері қазақстандық боксшы "Канелоға" жекпе-жек бойы бар-жоғы 3-4 соққы жасады деп есептейді

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Кіші Флойд Мэйвезердің бапкері Джефф Мэйвезер орта салмақтағы WBA/WBC/IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело"Альвареспен алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин — "Канело" рематчының табысы қалай бөлінетіні айтылды

Жекпе-жек тең аяқталды, дегенмен журналистер мен жанкүйерлердің басым бөлігі Головкин жеңді деген пікірде болды. Енді боксшылар 15 қыркүйекте қайта айқасады.  

"Бокс жанкүйері ретінде бұл жекпе-жекті [Головкин — Альварес II] әлі де көргім келеді, өйткені алғашқы кездесуде кім жеңгені туралы пікір екіге бөлінді. Өз басым "Канело" жеңді деп есептеймін, оңай жеңді, бірақ көп адам  GGG басым түсті деп топшылап жүр. Ал бұл қызығушылық тудыруда. Головкинге соққы  дарыту өте оңай болды, мен үшін бұл қисынсыз нәрсе. Ол "Канелоға" жекпе-жек бойы бар-жоғы 3-4 соққы жасады, ал уақыттың басым бөлігінде ештеңе істеген жоқ. Иә, ол шабуылдады, бұл үшін оған лайықты баға беру керек, алайда ол бастысы емес. Флойдпен жекпе-жек өткізгендердің барлығы  шабуылдайтын, сондықтан менің көзқарасым бойынша, Головкин ештеңе істеген жоқ. Жекпе-жекті менімен бірге отырып тағы үш адам көрді, олар GGG-ді жақсы көреді, бірақ олар да мен секілді "Канело" жеңгенін айтты", — деді маман Fight Hype баслымына берген сұхбатында.  

"Канелоның" промоутері Головкинге екінші жекпе-жек үшін қанша төлегенін айтты>>

Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады>>

"Головкинді қызықтырғаны ақша емес". Санчес GGG "Канелодан" не талап еткенін айтты>>


Жаңалықтар
0