Спорт

Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйға тартты

© Photo : Официальный сайт президента РКВWBC, WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкинмен кездесу
ВWBC, WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий  Головкинмен кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Атақты боксшының бапкері Головкин "Канелодан" жеңіліп қалғанын айтты

Мемлекет басшысы кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинге ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты.

"Отандастарымыз сенің жекпе-жектеріңді жіті бақылап отырады. Сен Қазақстанды лайықты түрде танытып, өз отаныңды ешқашан ұмытпай, жүрген жерде айтып жүресің. Біз сені мақтан тұтамыз. Қыркүйек айында сені өте маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Барша қазақстандықтардың атынан саған жеңіс тілеймін", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы зор рөлін атап өтті.

Назарбаев келмеді. Қырғауылдар торда қалды>> 

"Сен өз салмағыңда ешкімге дес бермедің, саған жеңіліс таппаған ең үздік нокаутер боксшы деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз", – деді Мемлекет басшысы.

 Головкин жеке қолдау көрсеткені үшін және Қазақстанның спортын, соның ішінде бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады

"Мен өз тарапымнан елімізді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай айтулы оқиғаны тамашалауға әбден лайық деп есептеймін. Маңызы зор осындай жекпе-жекті барша жұрт көргісі келеді деген ойдамын", – деді Г.Головкин.

Сонымен қатар боксшы Қазақстан президентіне WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белбеулерін сыйға тартты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкинді "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапаттады.


Жаңалықтар
0